Жаңалықтар тізбегі
0

Алматыдағы Баум тоғайын 2024 жылдың ортасында абаттандырады

Алматыдағы Баум тоғайын 2024 жылдың ортасында абаттандырады, сурет - Zakon.kz жаңалық 21.09.2023 11:50 Сурет: Zakon.kz
Алматы әкімі Ерболат Досаев қаладағы Баум тоғайын абаттандыру қашан басталатынын айтты, деп хабарлайды Zakon.kz.
Бұл туралы әкім 21 қыркүйек күні Түрксіб ауданының тұрғындарымен кездесуінде айтты.
"Жылдың аяғына дейін Экология және қоршаған ортаны қорғау департаменті жобалық-сметалық құжаттаманы әзірлейді. Онда Баум тоғайын серуенге арналған экожолдармен абаттандыру, МАФ орнату, Үлкен Алматы каналын абаттандыру, демалыс және жағажай аймағын жайластыру, жаяу жүргіншілер көпірлерін жаңарту, Кіші Алматы өзені бойындағы жаяу жүргіншілер аймағын абаттандыру көзделген. Жобаларды іске асыру 2024 жылдың екінші тоқсанында басталады", - деді Ерболат Досаев.

Әкім Түрксіб ауданы абаттандырылып, биыл Молдағалиев пен Чехов көшелерінде жаяу жүргіншілер мен серуендеу аймағының құрылысы аяқталғанын еске салды. №6 Оқушылар үйінің жанындағы саябақ қайта жаңғыртылды. Бұл жобалар Сауранбаев көшесінде бұрын жасалған серуендеу алаңының жалғасы болды.

Сонымен қатар 2023 жылдың қазан айының соңына дейін әуежай саябағын жаңарту: субұрқақ орнату, суару жүйесі, жаяу жүргіншілер жолдарын жаңартумен аяқталады.

Алматыдағы Баум тоғайын қалпына келтіру туралы көптен бері айтылып жүр. Бұған дейін саябақ аумағын абаттандыру жобалық жұмысы 2023 жылы, құрылыстың өзі 2024 жылдың ортасында аяқталуға тиіс екені хабарланған еді.

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Бөлісу
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Жаңалықтар трендінде болыңыз!
Хабарландыруларды қосыңыз және алдымен расталған жаңалықтарды алыңыз.

Браузерде хабарландыруларды кез келген уақытта өшіруге болады

Біздің хабарландыруға жазылыңыз!
Хабарландыру қосу үшін қоңырау белгісін басыңыз
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: