Қорғаныс министрлігі ЖОО тегін оқуға грант алған мерзімді қызмет әскери қызметшілерінің тізімін жариялады

Мерзімді әскери қызмет өткергеннен кейін тегін оқуға сертификат иегерлерінің тізімі , сурет - Zakon.kz жаңалық 22.10.2024 09:11 Сурет: Қазақстан Республикасы Қорғаныс министрлігі
Бір жарым мың орынға 2023 жылғы күзде әскерге шақырылған мерзімді қызметтің 17 927 сарбазы үміткер болды, деп хабарлайды Zakon.kz.

Конкурсқа Қорғаныс министрлігінен 8 169, Ұлттық ұланнан 6 441, Төтенше жағдайлар министрлігінен 315, Шекара қызметінен 2 715, Мемлекеттік күзет қызметінен 287 сарбаз қатысты.

Күштік құрылымдар әскери бөлімдері сарбаздарының қызметтің барлық кезеңіндегі үлгерімі мен тәртібі бойынша нәтижелері енгізілген "Срочники 2.0" ақпараттық жүйесі іріктеудің ашықтығын қамтамасыз етті.

Білім беру жеңілдіктеріне ие болған әскери қызметшілердің толық тізімімен мына сілтеме бойынша танысуға болады.

Мақаламен бөлісу
Мақаламен бөлісу:
Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Пікірлер (0)
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: