Жаңалықтар тізбегі
0

Алматыда жаңа метро желісі қайда салынатыны белгілі болды

Метрополитен, пассажиры метро, общественный транспорт, вагоны метро, люди в метро , сурет - Zakon.kz жаңалық 24.10.2024 16:45 Фото: Zakon.kz
Жерасты көлігіне сегіз станция қосылады және қала орталығы әуежайға жалғанады, деп хабарлайды Zakon.kz.

Жобаның техникалық құжаттамасында көрсетілгендей, жаңа метро желісі жерасты арқылы өтеді және "Жібек Жолы" станциясынан Гоголь көшесі бойымен Орталық мәдениет және демалыс саябағына дейін созылады, содан кейін Шығыс айналма жол арқылы Құлжа тас жолына өтеді де, әуежайға қарай бұрылады, деп жазады Колеса басылымы.

Бұл желінің станциялары келесі мекенжайларда орналасады:

№ 1 — "Жібек Жолы" станциясының жанында, Назарбаев даңғылының шығысында, бірінші желіге ауысуға болады;

№ 2 — Орталық мәдениет және демалыс саябағының маңында;

№ 3 — Құмай көшесінің Шығыс айналма жолмен қиылысқан жерінде;

№ 4 — "Халық Арена" спорт кешенінің жанында;

№ 5 — "Жетісу" базарының қарсысында, "Восточный" торабының аумағында;

№ 6 — "Апорт-2" сауда орталығы мен автосалонның жанында;

№ 7 — Нұршашқан ықшамауданының маңында;

№ 8 — Әуежайдың жанында.

электродепо — 7-станцияның солтүстігінде.

Екі жолақты желінің ұзындығы — 14 км.

Алматыда жаңа метро желісі қайда салынады

Қазір жоба бойынша техникалық-экономикалық негіздеме әзірлеуге конкурс жарияланды. Негіздеме 2025 жылдың қыркүйегіне дейін аяқталуға тиіс. Жаңа метро желісінің құрылысы 2027 жылы басталуы мүмкін. Сол уақытта құрылысшылар қазіргі желіні "Алтын Орда" базарына дейін созу жұмыстарын аяқтайды.

Бұған дейін Алматы әкімі Ерболат Досаев Түрксіб ауданының тұрғындарымен кездесуінде метроның солтүстік желісі жер үстіне салынып, Сүйінбай даңғылы бойымен Алматы-1 теміржол вокзалына дейін созылатынын айтқан.

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Бөлісу
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Жаңалықтар трендінде болыңыз!
Хабарландыруларды қосыңыз және алдымен расталған жаңалықтарды алыңыз.

Браузерде хабарландыруларды кез келген уақытта өшіруге болады

Біздің хабарландыруға жазылыңыз!
Хабарландыру қосу үшін қоңырау белгісін басыңыз
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: