Алматылық мұғалімдер мерекелік бейнелерімен әлеуметтік желіде көпшіліктің көзайымына айналды

Школьники, ученики, школа, ученики за партой, школьный кабинет, класс, школьные занятия, уроки, учитель, педагог, преподаватель, учительница , сурет - Zakon.kz жаңалық 25.10.2024 09:41 Фото: freepik
Алматы қаласы, Алмалы ауданы, 8 мектеп-гимназиясының мұғалімдері Республика күніне арналған ерекше бейнежазбаларымен көпшілікті сүйсіндірді, деп хабарлайды Zakon.kz.

Республика күні аясында мұғалімдер мектептің Instagram парақшасында жарияланған трендтік бейнеге түсті. Біздің мәдени мұрамыз бен бірлігімізді бейнелейтін ұлттық костюмдерді көрсете отырып түсірілген бейне әлеуметтік желі қолданушыларын бір марқайтып қойды.

"Неткен сәнді әрі көңілді мұғалімдер. Мерекелік көңіл-күйді сезіндіреді",- деп жазды сүйсінген желі қолданушылары.

Бұған дейін Мемлекет басшысының ел тұрғындарын Республика күнімен құттықтағаны хабарланған болатын.

Мақаламен бөлісу
Мақаламен бөлісу:
Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: