Тұзды батпақта өнер көрсеткен үнді бишісі көпшіліктің көзайымына айналды

Тұзды батпақта өнер көрсеткен үнді бишісі көпшіліктің көзайымына айналды, сурет - Zakon.kz жаңалық 26.05.2025 12:37 Сурет: Instagram/niveetha_dancer
Үндістандық биші Nivetha Shree Маңғыстаудағы Тұзбайыр соры маңында дөңгелене би билеп, желі қолданушыларын таң тамаша етті, деп хабарлайды Zakon.kz.

Жаңбырдан кейінгі тұзды батпақ айна тәрізді кейіпке еніп, бейнеге ерекше көрік қосты. Желідегі ағайын биден бөлек, табиғаттың әсемдігіне таңдай қақты.

Тұзбайыр соры – Ақтау жотасының Батыс Үстіртпен шектесетін тұсындағы тұзды көл. Көктемгі және күзгі жауын-шашын кезінде көл суға толады. Жылдың қалған кезінде көл табанын әр түрлі қалыңдықтағы ас тұзы шөгіп жатады.

Бұған дейін Индонезияда тағы бір жанартаудың оянғандығы жайлы жазған болатынбыз.


Мақаламен бөлісу
Мақаламен бөлісу:
Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: