"Көктөбе" телемұнарасында мерекелік жарық шамдары қосылды

Көктөбе телемұнарасында мерекелік жарық шамдары қосылды, сурет - Zakon.kz жаңалық 25.10.2024 19:01 Сурет: Алматы әкімдігінің баспасөз қызметі
Алматының бас символы әрі көрікті орны саналатын "Көктөбе" телемұнарасында Республика күніне орай мерекелік жарық шамдары қосылды, деп хабарлайды Zakon.kz.

Қала әкімдігінің хабарлауынша, сәулеттік жарықтандыру 24 қазан күні сағат 20:00-де қосылды.

Алматылықтар мен қала қонақтары мерекелік құттықтауды 24 және 25 қазан күндері көре алады.

Бұған дейін бүгін, 25 қазанда Республика күніне орай орай Алматыда жиырма минуттық дрон шоуы өтетіні хабарланған еді. Сағат 21:00-де Абай алаңында, ал 21:30-да Астана алаңында шоу басталады.

Мақаламен бөлісу
Мақаламен бөлісу:
Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: