Жаңалықтар тізбегі
0

Алматыда Бұқар Жырау көшесіндегі жол учаскесі бір аптаға жабылады

Жол жабылады, Алматы, Бұқар жырау көшесі, газ құбырын ауыстыру, сурет - Zakon.kz жаңалық 27.10.2024 11:53 Сурет: Zakon.kz
Алматыда Бұқар Жырау бульварындағы жол учаскесінде көлік қозғалысына уақытша шектеулер енгізіледі. Бұл арада газ құбырын ауыстыру жұмыстары жүргізіледі, деп хабарлайды Zakon.kz.

Мегаполис әкімдігінің мәліметінше, Бұқар Жырау көшесі бойымен Есентай өзенінен Байзақов көшесіне дейін бір ғана жолақ арқылы көлік қозғалысына рұқсат етіледі. Шектеу 28 қазанда сағат 09:00-ден 3 қарашада 19:00-ге дейін енгізіледі.

"Бұқар Жырау бульвары бойынша Жароков көшесінен Есентай өзеніне дейінгі аралықта орташа қысымды жерасты газ құбыры 1972 жылы пайдалануға берілген. Оның жалпы ұзындығы - 1766,9 метр. Пайдалану кезінде оқшаулағыш жабынның зақымдануы, сондай-ақ құбырдың төрт жерінен тат басу анықталды", деп хабарлады әкімдік.

Жөндеу жұмыстары аяқталғаннан кейін іргелес аумақты абаттандыру және асфальт төсемін қалпына келтіру жұмыстары жүргізіледі.

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Бөлісу
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Жаңалықтар трендінде болыңыз!
Хабарландыруларды қосыңыз және алдымен расталған жаңалықтарды алыңыз.

Браузерде хабарландыруларды кез келген уақытта өшіруге болады

Біздің хабарландыруға жазылыңыз!
Хабарландыру қосу үшін қоңырау белгісін басыңыз
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: