Алматыда Бұқар жырау желекжолында бір тәулікке көлік қозғалысын шектемекші
2024 жылдың 17 қыркүйегінде сағат 22:00-ге дейін Алматы қаласы Бостандық ауданында Бұқар жырау желекжолы бойында Байтұрсынов көшесінен Марков көшесіне дейін көлік қозғалысы жабылады.
Көлік қозғалысы батыс бағытта жабылатын болады.
Уақытша шектеулер гидравликалық сынақтар кезінде анықталған жылумен жабдықтау желілерінің зақымдануын жою үшін енгізіліп отыр. Магистральдық жылу желісін жөндеу жөніндегі қалпына келтіру жұмыстарын атқару үшін 4 бірлік мамандандырылған техника мен қызметкерлер құрамының 20 адамы іс барысына жұмылдырылды.
Тұтынушылар үшін жылу тасымалдағыштың параметрлері төмендемейді.
Жөндеу жұмыстары аяқталғаннан кейін жолдың асфальт-бетон жабыны қалпына келтіріледі.
Гидравликалық сынақтар қалалық жылу беру кешенін алдағы жылу маусымына дайындау шеңберінде жылу желілері жабдығының жағдайын тексеру және құбыржолдардың проблемалық, апатқа ұшырауға бейім бөліктерін анықтау үшін жүргізілмекші.
"Сынақ жүргізу кезеңінде, қауіпсіздікті қамтамасыз ету шараларына қарамастан, төтенше жағдайлардың орын алу ықтималдығын жоққа шығаруға болмайды. Мұндай жағдайларда өз бетіңізше ешқандай әрекет жасамаңыз, оқиға орнынан дереу кетіп, "Алматы жылу жүйесі" ЖШС-не мына телефондар арқылы ол туралы хабарлаңыз: 378-06-48 (қосымша 1014),, 378-06-62 (қосымша 1013) не 109." "Алматы жылу жүйесі" ЖШС
Естеріңізге сала кетейік, қозғалысты шектеуге қатысты барлық ақпарат Almaty.kz сайтында, @AlmatyJoly Telegram-арнасында, аудан әкімдіктері мен басқармаларының әлеуметтік желілерінде, сондай-ақ "2GIS" және "Яндекс карталары" сервистерінде орналастырылған.
Уақытша қолайсыздықтарға түсіністікпен қарауларыңызды және бұл аумақты айналып өту жолдарын алдын ала қарастыруларыңызды сұраймыз.
Сурет: Алматы қаласы әкімдігінің баспасөз қызметі