Орал соты қала әкімінен ақша өндіріп алған

Зал суда, суд, молоток судьи, судья, приговор, уголовный кодекс РК, судебный процесс, зачитывание приговора, приговор, правосудие, закон   , сурет - Zakon.kz жаңалық 28.10.2024 15:30 Фото: Zakon.kz
Оралда әкімшілік сот қала әкімінен 590 мың теңге өндіріп алды.

Іс бойынша 15 тұрғын "Қала әкімі саяжайдан жер бермеді", — деп екі талап-арызбен сотқа жүгінеді. Сот бірінші істі қарай келе, әкімнің бас тарту туралы шешімі заңсыз екенін анықтайды.

Сөйтіп 7 тұрғынның талабы қанағаттандырылады,деп жазады qazaqstan.tv.

Екінші істе тұрғындар жаңа жер телімін емес, өздері алған жерден қосымша учаске сұрайды. Бұл істе екі талапкердің талабы қанағаттандырылды.

Алайда жауапкер, яғни Орал қаласының әкімі сот шешімін мерзімінде орындамайды. Сондықтан екі іс бойынша 50 айлық есептік көрсеткіш, яғни 369 мың теңге ақшалай өндіріп алу міндеттелді.

"Әкімдік шешімдері заңсыз деп сотқа жүгінді. Бұл жағдай сот отырысында талқыланып, әкімнің шешімі заңсыз деп танылып, талап-арыз қанағаттандырылды. Сол талап-арыз бойынша қалалық әкім шешімді орындаған жоқ. Сондықтан ақшалай өтемақы өндіру міндеттелді." Альбина Әбілкәрімова, судья
Мақаламен бөлісу
Мақаламен бөлісу:
Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: