Қытайда "ұшатын автомобиль" зауытының құрылысы басталды
Фото: Zakon.kz
Қытайдың Гуанчжоу қаласында "ұшатын автомобиль" зауытының құрылысы басталды.
Бұл — осындай көлікті жаппай шығаратын әлемдегі бірінші кәсіпорын.
Жаңа зауыт 180 мың шаршы метр аумақта салынып жатыр.
Ол жылына 100 мың әуе автомобилін жасамақ, деп жазады qazaqstan.tv.
Қыркүйекте сынақтан өткен ерекше машина қараша айында сатылымға шығады. Оның құны қазір 2 миллион юаньға немесе 280 мың 520 долларға бағаланып отыр.
Бұндай техниканы жеКе және қоғамдық қажеттілікке, құтқару операцияларына және экскурсиялық шолуға пайдалануға болады.
Бөлісу
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript