Жаңалықтар тізбегі
0

Елордада полиция заңсыз вейп сақтау қоймасын анықтады

Табак, табачная продукция, сигареты, никотин, табак, дым, курение сигарет, запрещено курить , сурет - Zakon.kz жаңалық 29.10.2024 15:33 Фото: unsplash
Елордада өткен "Учаске" жедел-алдын алу шарасы барысында Сарыарқа ауданының полиция бөлімінің учаскелік инспекторлары заңсыз электрондық темекілер мен вейптер сақталған қойманы анықтады.

Қосшығұлұлы көшесіндегі көпқабатты үйдің жертөлесінде орналасқан қоймадан 2700-ден астам электрондық құрылғы тәркіленді.

Тексеру барысында бұл тауардың Telegram арнасы арқылы сатылып, курьерлер арқылы жеткізілгені белгілі болды. Қазіргі таңда полиция қызметкерлері заңсыз электрондық тұтыну жүйелерін (вейптерді) тарату фактісі бойынша сотқа дейінгі тергеу амалдарын жүргізуде.

Полицейлер биылғы жылдың 20 маусымынан бастап ҚР Қылмыстық кодексіне енгізілген 301-1-баптың талаптарын еске салды.

Бұл бап бойынша шегілмейтін темекі бұйымдарын, вейптерді, хош иістендіргіштер мен сұйықтықтарды сатуға қатаң тыйым салынған.

Заңды бұзған жағдайда 200 АЕК-ке дейінгі айыппұл, түзету немесе қоғамдық жұмыстарға тарту, не болмаса 50 тәулікке дейін қамауға алу шаралары қолданылуы мүмкін.

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Бөлісу
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Жаңалықтар трендінде болыңыз!
Хабарландыруларды қосыңыз және алдымен расталған жаңалықтарды алыңыз.

Браузерде хабарландыруларды кез келген уақытта өшіруге болады

Біздің хабарландыруға жазылыңыз!
Хабарландыру қосу үшін қоңырау белгісін басыңыз
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: