Қазақстан мен Моңғолия зейнетақы саласындағы ынтымақтастық туралы келісімге қол қойды
Сурет: akorda.kz
Мемлекет басшысының Моңғолияға сапары аясында Қазақстан Республикасының Үкіметі мен Моңғолия Үкіметі арасында зейнетақы саласындағы ынтымақтастық туралы келісімге қол қойылды, деп хабарлайды Zakon.kz.
Осы Келісім ынтымақты зейнетақы тағайындау кезінде екі елдің аумағында әзірленген еңбек өтілін өзара есепке алуды көздейді.
"Бұдан басқа, жинақтаушы зейнетақы экспорты бойынша Қазақстан мен Моңғолия арасындағы ынтымақтастықтың жаңа түрі көзделіп отыр", - деп хабарлады Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігі.
Қазақстан тарапынан Келісімге Премьер-министрдің бірінші орынбасары Роман Скляр, Моңғолиядан – отбасы, еңбек және әлеуметтік қорғау министрі Лувсанцэрэнгийн Энх-Амгалан қол қойды.
Бөлісу
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript