Абай облысының тұрғыны зейнеткердің телефонынан заңсыз ақша аударып алған
Фото: unsplash
Көкпекті ауылында полиция қызметкерлері зейнеткердің банк шотынан ақша ұрлау қылмысын ашты.
Тергеу барысында 29 жастағы жергілікті тұрғынның зардап шегушінің үйінде болған кезде оның телефонын пайдаланып, банк қосымшасы арқылы өз есепшотына 60 мың теңге аударғаны анықталды.
Күдікті өз кінәсін мойындап, ұрланған қаражатты жұмсап жіберген.
Күдіктіге қатысты ұрлық фактісі бойынша сотқа дейінгі тергеу басталды, оған бұлтартпау шарасы ретінде келу міндеттемесі таңдалды.
Полиция азаматтарды сақтық шараларын сақтауға және құрылғылары мен банк деректерін бөтен адамдарға бермеуге шақырады.
Бөлісу
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript