Теміртау тұрғыны зейнеткерге шабуыл жасап, әмиянын тартып алған

Полицейские, сотрудники полиции, полиция, задержание, арест, наручники, сурет - Zakon.kz жаңалық 12.05.2026 17:19 Фото: Zakon.kz/Максим Золотухин
Қарағанды қаласында полиция қызметкерлері банк бөлімшесі маңында болған тонау қылмысын дер кезінде ашты, деп хабарлайды Zakon.kz.

Белгілі болғандай, күдікті банк бөлімшесінің жанында 67 жастағы зейнеткер әйелді аңдып жүрген. Күтпеген сәтте ол әйелге шабуыл жасап, қолындағы әмиянын жұлып алып, оқиға орнынан қашып кеткен. Келтірілген материалдық шығын көлемі 117 мың теңгені құрады.

"Полиция қызметкерлері бейнебақылау камераларындағы жазбаларды мұқият зерделеп, жәбірленушінің берген бағыты бойынша күдіктінің қозғалыс траекториясын анықтады", – делінген хабарламада.

Жедел-іздестіру іс-шараларының нәтижесінде күдікті ұсталды. Ол Теміртау қаласының 29 жастағы тұрғыны болып шықты.

Қазіргі уақытта күдікті уақытша ұстау изоляторына қамауға алынды. Аталған дерек бойынша сотқа дейінгі тергеп-тексеру амалдары жүргізіліп жатыр.

Мақаламен бөлісу
Мақаламен бөлісу:
Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: