Қарағандыда полиция жарты миллион теңгенің ұрлығын әшкереледі

Центр оперативного управления департамента полиции, сотрудники полиции, видеонаблюдение, полиция, полицейские, ЦОУ, сурет - Zakon.kz жаңалық 10.04.2026 11:28 Фото: Zakon.kz
Қарағанды қаласында полиция қызметкерлері жеке тұрғын үйден жасалған ұрлық қылмысын жедел түрде ашты.

Сәуір айының басында 36 жастағы қала тұрғыны белгісіз біреудің үйіне заңсыз кіріп, түрлі құрылыс құралдарын қолды еткенін хабарлаған. Келтірілген шығын көлемі 500 мың теңгеден асқан.

Белгілі болғандай, үй иесі баспананы наурыз айының соңында ғана сатып алып, жөндеу жұмыстарын енді бастаған. Дәл осы сәтті пайдаланған күдікті еш кедергісіз ішке кіріп, қылмыс жасаған. Аталған дерек бойынша қылмыстық іс қозғалды.

Жедел-іздестіру іс-шаралары барысында Қарағанды қаласының Қазыбек би атындағы полиция бөлімінің криминалдық полиция қызметкерлері 48 жастағы күдіктіні анықтап, қолға түсірді. Ол кінәсін толық мойындады.

"Қазіргі таңда күдіктінің осыған ұқсас басқа да қылмысқа қатысы бар-жоғы тексерілуде. Тергеу аясында барлық қажетті іс-шара жүргізіліп жатыр, — деді Қарағанды қаласы ПБ Қазыбек би атындағы бөлімінің бастығы Дәурен Кәріпбаев.
Мақаламен бөлісу
Мақаламен бөлісу:
Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: