Шығын көлемі – 2 млн теңге: Оралда туысының үйіне ұрлыққа түскен күдікті ұсталды

Полиция, полицейский, полицейские, патрульная полиция, патруль, сотрудники полиции, правоохранительные органы, сурет - Zakon.kz жаңалық 13.04.2026 14:31 Фото: Zakon.kz
Орал қаласында полиция қызметкерлері жеке тұрғын үйден жасалған ұрлық қылмысын жедел ашып, күдіктіні ұстады. Полицияға қала тұрғыны арызбен жүгініп, үйінен ақшасы мен бағалы заттарының ұрланғанын хабарлаған.

Оның айтуынша, үйіне келген кезде мүлкінің жоғалғанын байқаған. Тексеру барысында белгісіз тұлға тұрғын үйге еркін кіріп, 900 мың теңге көлеміндегі ақшасын, сондай-ақ алтын әшекей бұйымдарды — сақина мен алқаны ұрлап кеткені анықталды.

Сонымен қатар Dyson шаш кептіргіші қолды болған. Жалпы келтірілген шығын шамамен 2 млн теңгені құрады. Жедел-іздестіру іс-шараларының нәтижесінде Шаған полиция бөлімінің криминалдық полиция қызметкерлері күдіктіні анықтап, ұстады.

Ол — жәбірленушінің 22 жастағы туысы болып шықты. Бұған дейін ол жәбірленушінің үйінде тұрған және үйдің кілттері болған.

Ұрланған мүліктің бір бөлігі тәркіленді. Шаш кептіргіш иесіне қайтарылды. Ал алтын бұйымдарды күдікті ломбардқа өткізгені анықталды.

Қазіргі уақытта аталған дерек бойынша тергеу амалдары жүргізілуде. Өзге ақпарат Қазақстан Республикасы Қылмыстық-процестік кодексінің 201-бабына сәйкес жария етуге жатпайды.

Полиция азаматтарды мүліктік қауіпсіздік шараларын сақтауға шақырады: кілттерді бөгде адамдарға бермеу және оларды бақылаудан айырылған жағдайда құлыптарды уақытылы ауыстыру қажет.

Мақаламен бөлісу
Мақаламен бөлісу:
Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: