Астанада полиция 1,5 млн теңгенің ұрлығын әшкереледі
Фото: Zakon.kz
Алдын ала мәліметтерге сәйкес, оқиға түнгі уақытта елорданың дәмханаларының бірінде болған. Күдікті мекемеде отырған келушінің үстел үстінде жатқан Samsung телефонын жасырын түрде иемденіп кеткен.
Телефонды қолына түсіргеннен кейін ол жәбірленушінің банктік қосымшаларына заңсыз қол жеткізіп, оның есепшоттарындағы ақшаны иемденген.
Атап айтқанда, Kaspi банк картасынан 680 мың теңге, ал Halyk банк картасынан 725 мың теңге көлеміндегі қаражатты шешіп алған.
Осылайша жәбірленушіге келтірілген жалпы материалдық шығын 1,5 млн теңге болған. Жедел-іздестіру іс-шаралары барысында полиция қызметкерлері күдіктінің жеке басын анықтап, оны ұстады.
Қазіргі уақытта күдікті өз кінәсін мойындап, аталған факті бойынша сотқа дейінгі тергеу амалдары жүргізіліп жатыр.