Шымкентте шетелдіктен аса ірі мөлшерде есірткі тәркіленді

21 жастағы ер адам қала аумағында "синтетика" таратумен айналысқан. Оны есірткі қылмысына қарсы күрес басқармасының қызметкерлері құрықтады.
Тексеру барысында одан мефедрон салынған бумалар табылып, тәркіленді.
Психотроптық заттардың жалпы салмағы 100 грамнан асады. Ұсталған ер адам уақытша ұстау изоляторына қамалды.
Анықталған жайт бойынша полиция тергеу әрекеттерін жүргізіп жатыр.
Тәртіп сақшылары есірткінің заңсыз айналымына байланысты қылмыстар үшін ұзақ жылдарға бас бостандығынан айыру жазасы көзделгенін ескертеді.
Мақаламен бөлісу
Оқи отырыңыз
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript