Шымкентте есірткі заттарын жарнамалайтын 18 телеграм каналдары бұғатталды

Интернет, социальные сети, ноутбук, компьютер, работа за ноутбуком, wi-fi  , сурет - Zakon.kz жаңалық 04.11.2024 09:56 Фото: pexels
Шымкент қаласының прокуратурасы заңсыз есірткі заттарын жарнамалау фактілерін анықтады.

Қазақстан Республикасы Бас Прокурорының тапсырмасын орындау мақсатында қала прокуратурасы әлеуметтік желілерге мониторинг жүргізу барысында белгісіз тұлғалардың есірткі және психотроптық заттарды насихаттау, жарнамалау және сатумен айналысатын телеграм каналдарын анықтады.

"Атқарылған жұмыс нәтижесінде "Кибернадзор" жүйесі арқылы есірткі заттарын жарнамалайтын 18 телеграм каналдары бұғатталды." Шымкент қаласының прокуратурасы

Қала прокуратурасы бұл бағыттағы жұмыстарды жүйелі түрде жалғастыруда.

Мақаламен бөлісу
Мақаламен бөлісу:
Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: