Жамбыл облысында зират қоршауын қолды қылған күдіктілер ұсталды

Заң бұзған адам жауапқа тартылды, сурет - Zakon.kz жаңалық 04.11.2024 16:30 Сурет: ҚР ІІМ
2024 жылдың 26 қазанында Тұрар Рысқұлов ауданында екі ер адам зираттың темір қоршауын ұрлау кезінде ұсталды.

Аталған дерекке қатысты ҚР ҚК-нің "қылмысқа оқталу" және "адамдар тобымен алдын ала сөз байласу арқылы жасалған ұрлық" баптарымен қылмыстық іс қозғалды.

Күдіктілер 33 жастағы Жамбыл ауданының және 34 жастағы Байзақ ауданының тұрғындары екені анықталды.

Тергеу барысында күдіктілердің бұрын жасалған Талас ауданы маңындағы зират қоршауларын ұрлау дерегіне қатыстылығы белгілі болды.

Қазіргі уақытта олардың басқа да осыған ұқсас қылмыстарға қатыстылығы анықталуда. Сотқа дейінгі тергеу амалдары жалғасуда.

Мақаламен бөлісу
Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: