Алматы облысында заңсыз балық тасымалдау дерегі анықталды

Заң бұзған адам жауапқа тартылды, сурет - Zakon.kz жаңалық 05.11.2024 13:27 Сурет: ҚР ІІМ
Еңбекшіқазақ ауданында заңсыз балық тасымалдау дерегі анықталды, деп хабарлайды Zakon.kz.

31 қазанда "Браконьер" жедел-алдын алу іс-шарасының аясында Еңбекшіқазақ ауданында полиция басқармасының Шелек полиция бөлімінің қызметкерлері Шелек – Ақтоғай тас жолында "Mitsubishi SPACE WAGON" автокөлігін тоқтатып, заңсыз тасымалданып жатқан 168,5 кг балықты анықтады.

Бұл дерек полиция бөлімінде тіркеліп, сотқа дейінгі тергеу жұмыстары басталды. Алдын ала бағалау бойынша мемлекетке келтірілген шығын 551 мың 695 теңгені құрап отыр.

Тәркіленген балық арнайы қабылдау пунктіне жеткізіліп, одан түскен қаражат мемлекеттік қазынаға аударылады.

"Браконьер" іс-шарасы браконьерлік әрекеттерді анықтап, табиғи ресурстардың сақталуын қамтамасыз етуге бағытталған.

Мақаламен бөлісу
Мақаламен бөлісу:
Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: