Жаңалықтар тізбегі
0

Тоқаев пен Макрон Париждегі көрмені тамашалайды

ҚР Мәдениет және ақпарат министрлігінің баспасөз қызметі көрме жайлы айтты, сурет - Zakon.kz жаңалық 05.11.2024 14:14 Сурет: ҚР Мәдениет және ақпарат министрлігінің баспасөз қызметі
Парижде Қазақстан Президенті Қасым-Жомарт Тоқаевтың Францияға мемлекеттік сапары аясында Гиме Азия өнерінің ұлттық музейінде "Қазақстан: Ұлы Дала жауһарлары" көрмесінің салтанатты ашылу рәсімі өтті, деп хабарлайды Zakon.kz.

 5 қарашада, көрмені Қазақстан мен Франция Президенттері Қасым-Жомарт Тоқаев пен Эммануэль Макрон тамашалайды.

Ашылу салтанатында Қазақстан Республикасының Мәдениет және ақпарат министрі Аида Балаева әлем тарихындағы Ұлы даланың үш мың жылдық ерекше мәдени феноменін паш ететін көрмедегі бірегей экспонаттардың маңыздылығын атап өтті.

Ол француз әріптестеріне көрмені ұйымдастыруға қолдау көрсеткені үшін алғыс білдіріп, Қазақстан мен Франция арасындағы мәдени қарым-қатынастың маңыздылығына ерекше тоқталды.

ҚР Мәдениет және ақпарат министрлігінің баспасөз қызметі көрме жайында мәлімдеме жасады, сурет - Zakon.kz жаңалық 05.11.2024 14:14

Сурет: ҚР Мәдениет және ақпарат министрлігінің баспасөз қызметі

"Кейінгі жылдары Қазақстан мен Франция арасындағы байланыс артып, жаңа серпін алды. Қазақстан Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев пен Франция Президенті Эммануэль Макронның өзара сапарлары екіжақты ынтымақтастықты нығайта түсті. Әріптесім, министр ханым Рашида Дати мен Гиме музейінің президенті, доктор Янник Линтцке осы көрмені ұйымдастыруда көрсеткен қолдауы үшін, сондай-ақ, Гиме музейі ұжымына жоғары деңгейдегі кәсіби біліктілігі мен үйлесімді жұмысы үшін ерекше алғысымды білдіремін", – деді Аида Балаева.

Экспозицияда Қазақстанның Ұлттық музейі мен "Әзірет Сұлтан" музей-қорығының коллекцияларынан алынған 35 сирек артефакт ұсынылған. Олар Қазақстан тарихының негізгі кезеңдерін паш етеді.

ҚР Мәдениет және ақпарат министрлігінің баспасөз қызметі көрме жайында мәлімдеме жасады, сурет - Zakon.kz жаңалық 05.11.2024 14:14

Сурет: ҚР Мәдениет және ақпарат министрлігінің баспасөз қызметі

"Музейдің биік миссиясы – өткеннің мәдени құндылықтарын көрсете отырып, заманауи тарихты жасау. Көрмеге қойылған ең құнды жәдігерлер алғаш рет шетелдік көрерменге заманауи, жаңашыл форматта ұсынылып отыр. Бүгін біз жаңа тарихтың – елдеріміз арасындағы қарым-қатынастардың даму тарихының куәсі болып отырмыз", – деді министр.

Көрермендер көшпелі мәдениеттің және мемлекеттіліктің дамуын бейнелейтін құнды мұраларды тамашалай алады, олардың қатарында ғұн-сармат кезеңінен бастап Қазақ хандығына дейінгі жәдігерлер бар. Көрменің ерекшелігі – көрерменге Қазақстан мәдениетінің санғасырлық тарихы мен бай қазынасын терең тануға мүмкіндік беретін иммерсивті мультимедиялық контент.

ҚР Мәдениет және ақпарат министрлігінің баспасөз қызметі көрме жайында мәлімдеме жасады, сурет - Zakon.kz жаңалық 05.11.2024 14:14

Сурет: ҚР Мәдениет және ақпарат министрлігінің баспасөз қызметі

"Көрмеде Қазақстанның бес "Джокондасы" қойлған. Бұл көрменің идеясы бір жыл бұрын Франция президентінің Қазақстанға сапары кезінде туындады. Оның мақсаты – көрерменге Қазақстан мәдениетін, оның әлемдік тарихта алар орнын таныстыру. Көрме ежелгі тарихтан бастап 18-ші ғасырдағы Қазақстанға дейінгі аралықты қамтыған. Бұл – Қазақстанның пейзаждарын, дыбыстарын, әсіресе, осы өркениеттің бес кезеңін бейнелейтін бес шедеврді немесе шедеврлер ансамблін көрсететін иммерсивті саяхат", – деді Гиме – Азия өнерінің ұлттық музейі директоры Янник Линц.

Көрме 2025 жылдың 24 наурызына дейін жалғасады.

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Бөлісу
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Жаңалықтар трендінде болыңыз!
Хабарландыруларды қосыңыз және алдымен расталған жаңалықтарды алыңыз.

Браузерде хабарландыруларды кез келген уақытта өшіруге болады

Біздің хабарландыруға жазылыңыз!
Хабарландыру қосу үшін қоңырау белгісін басыңыз
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: