Өскеменде әділет майоры мен лейтенанты 5,8 млн теңге қаражатты жымқырған
Фото: Zakon.kz
Өскемен қаласының соты облыстық Қылмыстық-атқару жүйесі департаменті қызметкерлеріне қатысты үкім шығарды, деп хабарлайды Zakon.kz.
Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл Агенттігінің ақпаратынша, №17 мекеме бастығының бұрыңғы орынбасары мен аға инспектор жылжымайтын мүліктің жоқтығы туралы тұрғын үй комиссиясына әдейі жалған мәліметтер беру арқылы 5,8 млн теңге көлеміндегі қаражатты ұрлағаны үшін кінәлі деп танылды.
"Оларға 3 жыл 6 ай мерзімге бас бостандығынан айыру және мемлекеттік қызмет пен квазимемлекеттік секторда лауазым атқару құқығынан өмір бойына айыру жазасы тағайындалды",- делінген ведомство ақпаратында.
Сотталғандар әділет майоры мен лейтенанты арнайы атақтарынан айырылды.
Сот үкімі заңды күшіне енді.
Бұған дейін Ұлытау облысында жолды күтіп ұстамаған 91 лауазымды тұлға жазаланғаны хабарланған болатын.
Бөлісу
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript