Өскеменде ақша бопсалаған полицейлер сотталды

Полицейские, сотрудники полиции, полиция, задержание, арест, наручники, сурет - Zakon.kz жаңалық 16.05.2025 11:29 Фото: Zakon.kz
15 мамырда Өскемен қаласының № 2 соты Шығыс Қазақстан облысы полиция департаментінің қызметкерлеріне үкім шығарды, деп хабарлайды Zakon.kz.

YK-news.kz ақпаратынша, полицейлер жәбірленушіден ақша талап еткен, бермеген жағдайда арандатушылық бейнежазбаны тарататынын айтып, қорқытқан. Айыптау қорытындысында полицейлердің бопсалау арқылы үш миллион теңге алғаны белгілі болды.

"Полицияның үш қызметкері қоғамдық тұлға болып табылатын С.-ның жеке өмірінен кейбір фактілерді біліп, материалдық пайда табу үшін қылмыстық келісімге келді", – делінген сот ақпаратында.

Сотталушылар кінәсін мойындамады және оларды ақтауды сұрады, алайда сот үшеуін де кінәлі деп тауып, оларға бас бостандығынан айыру жазасын тағайындады. Біреуіне алты жыл, қалған екеуіне бес жарым жыл бекітілді.

Бұған дейін Шымкентте қарақұрттардың адамдарға шабуылдай бастағаны жайлы жазған болатынбыз.

Мақаламен бөлісу
Мақаламен бөлісу:
Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: