Ұлттық қауіпсіздік комитеті Алматы облысында тағы бір есірткі зертханасын жойды

Ұлттық қауіпсіздік комитеті Алматы облысында тағы бір есірткі зертханасын жойды, сурет - Zakon.kz жаңалық 07.11.2024 11:08 Сурет: gov.kz
ҚР Ұлттық қауіпсіздік комитеті бүгін, 2024 жылғы 7 қарашада Алматы облысында анықталған тағы бір есірткі зертханасының жойылғанын мәлімдеді, деп хабарлайды Zakon.kz.

Ағымдағы жылдың қазан айында Ұлттық қауіпсіздік комитетінің Алматы облысы бойынша департаменті прокуратураның келісуімен синтетикалық есірткі өндіретін жасырын зертхананың жолын кескен.

Есірткі затын дайындау кезінде Қазақстан азаматы ұсталып, сот санкциясымен қамауға алынды. 5 кг жуық дайын және 350 литр "а-PVP" сұйық психотроптық заты, сондай-ақ 800 литр прекурсорлар мен есірткі дайындауға арналған зертханалық жабдық тәркіленді.

Қылмыстық кодекстің 297-бабы 3-бөлігі бойынша сотқа дейінгі тергеп-тексеру жүргізілуде.

Қылмыстық-процестік кодекстің 201-бабы 1-бөлігіне сәйкес өзге ақпарат жария етуге жатпайды.

2024 жылғы 6 қарашада Ішкі істер министрлігі Ұлттық қауіпсіздік комитеті және прокуратурамен бірлесіп, аса ірі көлемде каннабис өсіретін жасырын есірткі зертханасын жойғаны белгілі болды. Алматы облысы Іле ауданы Байкен ауылында балық өсіру деген желеумен іс-шаралар қолға алынды.

Мақаламен бөлісу
Мақаламен бөлісу:
Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: