Астанада 446 миллион теңгеге спорттық мемлекеттік сатып алу жарияланды: прокурорлар оның күшін жойды

Госзакупки, государственные закупки, государственный бюджет, Казахстан, деньги , сурет - Zakon.kz жаңалық 07.11.2024 11:44 Фото: Zakon.kz
Астанада прокуратура шайбалы хоккейге мемлекеттік сатып алуды тоқтатты, деп хабарлайды Zakon.kz.

Елордалық қадағалау органының мәліметінше, Есіл аудандық прокуратурасы мемлекеттік сатып алу сомасын негізсіз асыра бағалауды анықтаған.

Жергілікті атқарушы орган 446 млн теңгеден астам сомаға республикалық және халықаралық жарыстарға шайбалы хоккей командаларын дайындау және қатысу үшін сатып алуды жариялаған.

Конкурстық құжаттаманы зерделеу барысында 117 млн теңгеге асыра көрсетілгендігі анықталды.

Қадағалау актісі негізінде конкурстың күші жойылды, бюджет қаражатын негізсіз жұмсауға жол берілмеді.

Бұған дейін Павлодар мемлекеттік сатып алуда 2,5 миллиардтың қисынсыз жұмсалуына жол бермеген.

Мақаламен бөлісу
Мақаламен бөлісу:
Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: