Көкшетаудың жаңа әкімі тағайындалды
Сурет: Ақмола облысы әкімдігінің баспасөз қызметі
Әнуар Күмпекеев Көкшетау әкімі болып тағайындалды. Ақмола облысының әкімі Марат Ахметжанов өңір активіне қаланың жаңа басшысын таныстырды, деп хабарлайды Zakon.kz.
"Ақмола облысының әкімінің 2024 жылғы 9 қарашадағы өкімімен Президент Әкімшілігінің және қалалық мәслихаттың келісімі бойынша Әнуар Қайыргелдіұлы Күмпекеев Көкшетау қаласының әкімі болып тағайындалды", - деп хабарлады Ақмола облысының әкімдігі.
Марат Ахметжанов жаңа әкімді облыс орталығының активіне таныстырып, Әнуар Күмпекеевтің кәсіби қасиеттері мен ұйымдастырушылық қабілеттері бар тәжірибелі басшы екенін атап өтті.
Облыс әкімі қала әкімдігіне бірнеше міндетті жүзеге асыруға күш салу қажет екенін ерекше атап өтті.
"Алдағы уақытта тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық, автомобиль жолдары мен құрылыс салаларындағы мәселелерді шешу бойынша белсенді жұмыс күтіп тұр. Бүгінгі таңда қала әкімі үшін басты міндет – жылыту маусымының үздіксіз өтуі және тұрғындарды сапалы ауыз сумен қамтамасыз ету". Ақмола облысы әкімдігінің баспасөз қызметі
Өңір басшысы қаладағы электрмен жабдықтау тапшылығы мәселесін шешу үшін жоспарланған жобаларды уақытылы іске асыруды, сондай-ақ тұрғын үй салу және сатып алу жұмыстарын жандандыруды тапсырды. Сонымен қатар биыл Көкшетау қаласы облыс орталығы ретінде ерекше назарға алынатыны айтылды.
"Алда проблемалық мәселелерді шешу және жаңа жобаларды жүзеге асыру бойынша үлкен жұмыс күтіп тұр. Сондықтан Сізден тек жедел шешім қабылдау ғана емес, ең бастысы олардың барлығының тиімді болуы талап етіледі", - деді облыс әкімі.
Бөлісу
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript