Ақтөбеде екі айда жол ережесін 308 рет бұзған жүргізуші ұсталды
Сурет: видео скрині/polisia.kz
Патрульдік полиция батальонының қызметкерлері шетелдік нөмірі бар ВАЗ-2114 автокөлігін басқарған 35 жастағы жергілікті тұрғынның қала көшелерінде бірнеше рет жылдамдықты асырғанын анықтады, деп хабарлайды Zakon.kz.
Айыппұлдардың жалпы сомасы шамамен 11,5 миллион теңге болған.
Көлік арнайы тұраққа қойылды.
"Азаматтарды Заң мен тәртіпті сақтауға шақырамыз! Шетелдік нөмірі бар кейбір жүргізушілер жазадан құтыламыз деп үміттенеді, алайда полиция мұндай ереже бұзушыларды анықтап, оларды жауапқа тартады", - деп хабарлады полиция.
Бөлісу
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript