Ақтөбеде 36 рет жол ережесін бұзған жүргізуші жолаушылар тасымалымен айналысқан

Полиция, полицейский, полицейские, патрульная полиция, патруль, сотрудники полиции, правоохранительные органы, погоны, сурет - Zakon.kz жаңалық 27.03.2026 13:41 Фото: polisia.kz
"Борышкер" жедел-профилактикалық іс-шарасы барысында патрульдік полиция қызметкерлері "Альфард" автокөлігінің жүргізушісін анықтады.

Оның есебінде жалпы сомасы 1 млн 600 мың теңгеден асатын жол қозғалысы ережелерін бұзудың 36 дерегі тіркелген.

Аталған құқық бұзушылықтардың басым бөлігі тас жолдарда белгіленген жылдамдық режимін жүйелі түрде асырумен байланысты.

Мұндай жауапсыз әрекеттер жүргізушінің ғана емес, жол қозғалысына қатысушылардың барлығының өмірі мен қауіпсіздігіне елеулі қатер төндіреді. Ең алаңдатарлығы – жүргізушінің көптеген құқық бұзушылықтарына қарамастан жолаушылар тасымалымен айналысқаны.

Осы арқылы ол жолаушылардың өмірі мен денсаулығын тікелей қауіпке тігіп, қауіпсіздік талаптарын елемеген. Жылдамдықты асыру жүргізушінің жол жағдайына дер кезінде әрекет ету мүмкіндігін шектеп, жол-көлік оқиғаларының салдарын ауырлатуы мүмкін.

Қазіргі уақытта көлік құралы арнайы айып тұрағына қойылды. Осындай құқық бұзушылықтардың алдын алу және жол қауіпсіздігін қамтамасыз ету бағытындағы жұмыстар жалғасатын болады.

Мақаламен бөлісу
Мақаламен бөлісу:
Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: