Жаңалықтар тізбегі
0

Қазақстандық авиакомпания Бакуге жасалатын рейстер бойынша маңызды мәлімдеме жасады

Авиакомпания Air Astana, Эйр Астана, самолет, самолеты , сурет - Zakon.kz жаңалық 11.11.2024 13:07 Фото: Zakon.kz
Қазақстандық Air Astana авиакомпаниясы Бакуға ұшатын және ұшып келе жатқан жолаушыларға маңызды мәлімдеме жасады, деп хабарлайды Zakon.kz.

Мәліметке сүйенсек, Баку қаласында СОР29 Конференциясы ұйымдастырылып жатқандықтан Гейдар Алиев атындағы халықаралық әуежай жолаушыларды жайлы әрі қауіпсіз сапармен қамтамасыз ету үшін жұмыс кестесіне өзгеріс енгізеді.

"10-22 қараша аралығындағы сапарыңызды алдын ала жоспарлауыңызды сұраймыз. 10-14 қараша аралығында 1 және 2-терминалдарға әубилеттері бар жолаушылар ғана кіре алады. Әуежай алдындағы паркиңге арнайы көлік қана тоқтай алады. COP29 өтетін күндері жолаушылар әуежайға H1 және H2 экспресс-автобустарымен жете алады",- делінген ақпаратта.

Әуежай жолаушылардан көлікке қатысты шектеу болуы мүмкін екенін ескеріп, әуежайға ұшардан кем дегенде 3 сағат бұрын келіп, уақытты бос жоғалтып алмау үшін онлайн тіркелу сұралды.

Бұған дейін Пәкістанда теміржол вокзалындағы теракттан кемі 25 адам қаза тапқаны хабарланды.

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Бөлісу
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Жаңалықтар трендінде болыңыз!
Хабарландыруларды қосыңыз және алдымен расталған жаңалықтарды алыңыз.

Браузерде хабарландыруларды кез келген уақытта өшіруге болады

Біздің хабарландыруға жазылыңыз!
Хабарландыру қосу үшін қоңырау белгісін басыңыз
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: