Жаңалықтар тізбегі
0

Сот авиакомпания бұзақылық жасады деп айыптаған Алматылық зейнеткердің құқығын қорғады

Авиакомпания Air Astana, Эйр Астана, самолет, самолеты , сурет - Zakon.kz жаңалық 15.08.2024 14:44 Фото: Zakon.kz
Алматының әкімшілік құқық бұзушылықтар жөніндегі мамандандырылған ауданаралық соты Air Astana авиакомпаниясы бұзақылық жасады деп айыптаған 68 жастағы зейнеткерді ақтады, деп хабарлайды Zakon.kz.

ҚР Жоғарғы сотының 2024 жылғы 15 тамыздағы ақпаратына сай, Вячеслав Югай 2024 жылдың 1 маусымында  "Air Аstana» ұшағындағы 179 жолаушымен бірге ақаулы ұшақта қамалып қалған.

Олар қозғалтқышты 1,5 сағат бойы іске қоспақ болған кезде салондағы ауаны баптау және желдету жүйесі жұмыс істемей қалған. Ұшақтың командирі мен бортсеріктерінен ешқандай ақпарат болмағандықтан, жолаушылар арасында дүрбелең басталған.

Әйелім екеуміз тыныс алуы қиындаған қарт адамдармыз. Сондай жағдайда барлығы ұшақтың командирінен нұсқау күтіп, аға бортсерік онымен телефон арқылы байланыса алмаған кезде амалсыздан ұшқыш кабинасының есігін қақтым. Ал бұл әкімшілік іс қозғауға негіз болды. Осыдан кейін ғана командир ұшақтың есіктерін ашуға рұқсат беріп, сол арқылы біздің азапты жеңілдеткендей болды”, - деп еске алады сол күнгі оқиғаны В.Югай.

Сотта анықталғаны

В.Югайға қатысты ӘҚБтК-нің 434-бабының 1-бөлігі бойынша (ұсақ бұзақылық) әкімшілік құқық бұзушылық туралы хаттама толтырылған. Бұдан шығатыны, ол ұшақ бортында әуе компаниясының қызметкерлеріне қарсы агрессивті және бүлдіргіш әрекет жасаған.

В.Югай өз кінәсін мойындаған жоқ. Сотта ол жанжалды жағдай кезінде әдепсіз сөздер қолданбағанын және қоғамдық тәртіпті бұзбағанын түсіндірді.

"Іс материалдарында құқық бұзушылықтың орын алғанын растайтын дәлелдемелер жоқ, В.Югайдың кінәсін растайтын басқа дәлелдемелер анықталмаған. Керісінше, бейнежазбадан оның өзгелерге сыйламаушылық білдіретін, қоғамдық тәртіп пен азаматтардың тыныштығын бұзатын әрекеттер жасамағаны байқалады."ҚР Жоғарғы соты

Соттың істі қарау нәтижесінде В.Югайға қатысты іс жүргізу қылмыс құрамының болмауына байланысты тоқтатылды.

Айта кетейік, 14 тамызда Air Astana мен FlyArystan әуе компанияларына тексеру жүргізілетіні белгілі болды. 

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Бөлісу
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Жаңалықтар трендінде болыңыз!
Хабарландыруларды қосыңыз және алдымен расталған жаңалықтарды алыңыз.

Браузерде хабарландыруларды кез келген уақытта өшіруге болады

Біздің хабарландыруға жазылыңыз!
Хабарландыру қосу үшін қоңырау белгісін басыңыз
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: