Қазақстан халқының нақты саны жарияланды
Ұлттық статистика бюросының мәліметінше, 2024 жылғы 1 қазандағы жағдай бойынша халық саны 20 223 218 адамды құрады, оның ішінде:
- қала тұрғындары – 12 704 977,
- ауыл тұрғындары – 7 518 241 адам.
Тоғыз айда халықтың жалпы өсімі 189 376 адамды құрады.
2024 жылдың 9 айында Қазақстанда 278,7 мың бала дүниеге келді, қайтыс болғандар саны – 99,5 мың адам.
Осылайша, халықтың табиғи өсімі 179,2 мың адамды құрады. Ұлттық статистика бюросы
Сурет: stat.gov.kz
Туудың ең жоғары деңгейі Түркістан облысында (1000 тұрғынға 25,04 адам), Маңғыстау облысында (24,84) және Шымкент қаласында (23,68) байқалды.
Өлім-жітімнің ең жоғары деңгейі Солтүстік Қазақстан облысында (1000 тұрғынға 11,52), Шығыс Қазақстан облысында (11,32) және Қостанай облысында (10,12) байқалды, бұл осы облыстар халқының жас құрылымына байланысты.
Сонымен қатар, алғашқы жарты жылдың ішінде 95 мың неке қиылып, 29,3 мың ажырасу тіркелді.
"2024 жылғы қантар-қыркүйекте елге келгендер саны 20 383 адамды, елден кеткендер саны 10 201 адамды құрады. Көші-қон айырымы – 10 182 адам". Ұлттық статистика бюросы
Сурет: stat.gov.kz
2023 жылғы тиісті кезеңмен салыстырғанда Қазақстанға келгендер саны 6,5%-ға өсті, Қазақстаннан кеткендер саны 19,9%-ға азайды.
"Елдің негізгі көші-қон алмасуы ТМД мемлекеттерімен жүреді. ТМД елдерінен келгендердің үлесі 79,7%, ал бұл елдерге кеткендердің үлесі 76,9% құрады". Ұлттық статистика бюросы
Ел ішіндегі көші-қон 2023 жылдың тиісті кезеңімен салыстырғанда 47,4% өсті. Өңіраралық көші-қон бойынша еліміздің 4 өңірінде халық көші-қонының оң айырымы қалыптасты:
- Астана (52853 адам),
- Алматы (26157 адам),
- Шымкент (5948 адам),
- Алматы обласында (765 адам).