Жаңалықтар тізбегі
0

Инновациялық жобалар эксперименттік режимде енгізілетін болады: ережелер бекітілді

Электронная биржа труда, рынок труда, карьерные центры, поиск работы, собеседование , сурет - Zakon.kz жаңалық 14.11.2024 11:54 Фото: unsplash
Үкімет 2024 жылғы 8 қарашадағы қаулысымен инновациялық жобаларды сынақтан өткізу үшін эксперименттік режимдерді бастау қағидаларын бекітті, деп хабарлайды Zakon.kz.

Осы Инновациялық жобаларды сынамалауға арналған эксперименттік режимдерге бастама жасау қағидалары Қазақстан Республикасы Кәсіпкерлік кодексінің 241-10-бабының 5-тармағына сәйкес әзірленді және "Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі туралы" және "Қаржы нарығы мен қаржы ұйымдарын мемлекеттік реттеу, бақылау және қадағалау туралы" Қазақстан Республикасының заңдарына сәйкес айрықша реттеу режимі шеңберінде енгізілетін қаржы ресурстарын шоғырландыруға және (немесе) төлем қызметтеріне байланысты қаржы саласындағы қызметте инновациялық жобаларды сынамалауға арналған эксперименттік режимдерді қоспағанда, инновациялық жобаларды сынамалауға арналған эксперименттік режимдерге бастама жасау тәртібін айқындайды.

Инновациялық жобаларды сынамалауға арналған эксперименттік режимді енгізуге инновациялық жүйе, кәсіпкерлік, ғылыми және (немесе) ғылыми-техникалық қызмет субъектілері, өзге де жеке және заңды тұлғалар бастама жасай алады.

Эксперименттік режим 3 (үш) жылдан аспауға тиіс және сот шешімімен әрекетке қабілетсіз деп танылған адамдарды және өздеріне қатысты келісімді заңды өкілдері білдіретін 18 (он сегіз) жасқа толмаған кәмелетке толмағандарды қоспағанда, эксперименттік режимге қатысуға келісім білдірген адамдардың белгілі бір тобына қатысты енгізіледі.

Инновациялық жобаларды сынамалауға арналған эксперименттік режимдерге бастама жасау туралы өтінішті бастамашы осы Қағидаларға қосымшаға сәйкес нысан бойынша ресімдейді және эксперименттік режимге қатысатын адамдардың келісімін ұсына отырып, "Ұлттық инновациялық жүйе" бірыңғай терезесі" интернет-порталы арқылы уәкілетті органға енгізеді.

Бастамашы өтінішті жұмыс күнінен тыс уақытта берген жағдайда ол одан кейінгі жұмыс күні тіркеледі.

Уәкілетті орган бастамашыға мынадай негіздер бойынша:

  • өтініш Қазақстан Республикасының Кәсіпкерлік кодексінде, осы Қағидаларда және шеңберінде инновациялық жобаларды сынамалау жоспарланатын Қазақстан Республикасының өзге де заңдарында белгіленген ережелерге сәйкес келмеген жағдайда;
  • инновациялық жобаларды сынамалау кезінде қоғам мен мемлекет үшін ықтимал теріс салдары анықталған және адамның өмірі мен денсаулығына, жануарлар және өсімдіктер дүниесіне, қоршаған ортаға зиян және (немесе) залал келтірілген, оларды жою және (немесе) барынша азайту мүмкін болмайтын жағдайда;
  • бастамашы жалған мәліметтер берген кезде;
  • жобада инновациялық қызмет болмаған кезде;
  • осыған ұқсас инновациялық жоба бойынша эксперименттік режимге бастама жасау туралы шешім қабылданған жағдайда эксперименттік режимге бастама жасаудан дәлелді бас тарту жібереді.

Талдаудың оң нәтижесі болған кезде уәкілетті орган Қазақстан Республикасының заңнамасында көзделген тәртіппен тиісті заңнамалық актінің жобасын әзірлейді.

Тұлғалардың эксперименттік режимге қатысуға келісімі қағаз жеткізгіште еркін жазбаша нысанда ресімделеді және мынадай мәліметтерді қамтиды:

  • эксперименттік режимге қатысуға келісім ресімделген күн;
  • эксперименттік режимге қатысатын адам туралы мәліметтер:
  • жеке тұлға – тегі, аты, әкесінің аты (бар болса), жеке сәйкестендіру нөмірі, нақты тұрғылықты мекенжайы;
  • заңды тұлға – толық атауы, бизнес-сәйкестендіру нөмірі, заңды тұлғаның орналасқан жері;
  • дербес деректерді жинауға және өңдеуге келісім туралы белгі;
  • эксперименттік режимге қатысатын адамның немесе тегі, аты, әкесінің аты (бар болса) көрсетіле отырып, заңды өкілінің немесе сенімхат көшірмесі қоса беріле отырып, Қазақстан Республикасының нотариат туралы заңнамасына сәйкес ресімделген сенімхат негізінде әрекет ететін оның сенім білдірілген адамының қолы.

Қаулы 2024 жылғы 24 қарашадан бастап қолданысқа енгізіледі.

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Бөлісу
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Жаңалықтар трендінде болыңыз!
Хабарландыруларды қосыңыз және алдымен расталған жаңалықтарды алыңыз.

Браузерде хабарландыруларды кез келген уақытта өшіруге болады

Біздің хабарландыруға жазылыңыз!
Хабарландыру қосу үшін қоңырау белгісін басыңыз
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: