17 қарашада бірнеше өңірде ауа райына байланысты ескерту жасалды

Горы, горная местность, снег, мороз, выпавший снег, выпал снег, снег в горах, снежные горы, снежные вершины, лавина, лавиноопасные районы, сурет - Zakon.kz жаңалық 16.11.2024 16:15 Сурет: Zakon.kz
"Қазгидромет" синоптиктері ертең, 17 қарашада бірнеше өңірде ауа райына байланысты ескерту жасады, деп хабарлайды Zakon.kz.

Атырау облысының солтүстігінде тұман түседі.

Ақтөбе облысының батысында көктайғақ. Түнде және таңертең облыстың шығысында тұман.

Солтүстік Қазақстан облысының батысында, шығысында жаяу бұрқасын. Оңтүстік-батыстан жел соғады, түнде облыстың батысында екпіні секундына 15-20 метрге, күндіз күші 15-20 метрге жетеді.

Ақмола облысының оңтүстік-батыстан жел соғады, облыстың солтүстігінде, шығысында екпіні секундына 15-18 метрге жетеді.

Батыс Қазақстан облысының батысында, солтүстігінде, шығысында тұман, көктайғақ.

Қарағанды облысының шығысында, оңтүстігінде тұман түседі.

Ұлытау облысының батысында, солтүстігінде, орталығында тұман.

Қызылорда облысының солтүстігінде, орталығында тұман. 

Маңғыстау облысының солтүстігінде, орталығында тұман түседі. Оңтүстік-шығыстан соғатын жел солтүстік-батысқа ауысады, облыстың батысында екпіні секундына 15-20 метрге жетеді.

Мақаламен бөлісу
Мақаламен бөлісу:
Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: