Павлодарда рейдерлікпен айналысқан қылмыстық топтың қызметі тоқтатылды

Задержание, задержанный, наручники, правонарушение, преступление, сурет - Zakon.kz жаңалық 21.11.2024 14:52 Фото: pexels
Павлодар облысының прокуратурасы өңірдегі кәсіпорындардың бірінде қылмыстық топтың рейдерлік фактісі бойынша қылмыстық іс қозғады, деп хабарлайды Zakon.kz.

Қадағалау органының бастамасы негізінде жедел іздестіру шараларымен қылмыстық жетекшінің басшылығымен қылмыстық топ ұзақ уақыт бойы қорқытып, құжаттарды бұрмалау арқылы кәсіпкерлердің мүлкін тартып алумен айналысқаны анықталды.

Кәсіпкерлердің мүлкі рөлдерді нақты бөлетін қылмыстық топтың құрамымен алынды.

Меншік иелерінің кәсіпорынға кіруіне шектеу қойып, заңды тұлға үшінші тұлғалардың атынан тіркелді, кейін мүлік сатылған.

Меншік иелеріне келтірілген залал 1 миллиард теңгеден асты, соттың санкциясымен қылмыстық іс бойынша қатысқан адамдардың мүлкі тәркіленіп, негізгі күдікті қамауға алынды.

Қадағалау ретімен жоғарыда аталған қылмыстық жетекшінің басшылығымен қылмыстық топ тұлғалардың қылмыстық әрекетінің басқа фактілері бойынша 5 сотқа дейінгі тергеу қайта жалғасты.

Нақты уақытта Экономикалық тергеу басқармасымен сотқа дейінгі тергеу жүргізіліп жатыр.

Қазақстан Республикасының Қылмыстық-процестік кодексінің 201-бабына сәйкес тергеу мүддесі үшін өзге ақпарат жария етілмейді.

Мақаламен бөлісу
Мақаламен бөлісу:
Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: