Елордада полицейлер сауда үйінен алтын жүзік ұрлаған күдіктіні ұстады
Сурет: polisia.kz
Елордада полицейлер сауда үйінен алтын жүзік ұрлаған күдіктіні ұстады. Жедел-іздестіру шараларының нәтижесінде полицейлер қаланың ірі сауда үйлерінің бірінде алтын жүзік ұрлаған 30 жастағы азаматты ұстады, деп хабарлайды Zakon.kz.
Күдіктінің зергерлік бұйым сататын дүкенге сатып алушы секілді келіп, жүзіктерді саусағына киіп көргені анықталды. Кейін ол бір алтын жүзікті қалтасына салып алған.
Осылайша, тұрғынға материалдық шығын келтірілді.
Қылмыс бейнебақылау көмегімен ашылды. Полиция қызметкерлері қылмыскерді өз үйінен ұстап, ұрланған затты оның үйінен тапты. Күдікті өз кінәсін толықтай мойындады. Қазіргі уақытта күдіктінің басқа да ұқсас қылмысқа қатысы бар-жоғы анықталып жатыр.
Бөлісу
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript