Қостанайлықтар алкоголь тұтыну бойынша алғашқы орында
Фото: pexels
Қостанай облысы ішімдік тұтынатын халық саны бойынша ешкімге дес бермей тұр, деп хабарлайды Zakon.kz.
Өңір полициясының мәліметінше, Қостанай облысында 13 мың адам қоғамдық орындарда масаң күйде пайда болғаны үшін қамауға алынды және 2 мың адамға жалпы сомасы 197 млн теңге айыппұл салынды.
"Қостанайда күніне 50-ге жуық мас адамды полиция арнайы орталыққа орналастырады. Облыс бойынша ағымдағы жылдың басынан бері осындай орталықтарға 22,5 мың адам жеткізіліп, олардың 20,5 мыңы орналастырылды",- делінген ресми ақпаратта.
Статистикаға сүйенсек, аймақтағы әрбір төртінші қылмыс мас күйінде немесе қатты масаң күйінде жасалады. Бұл көрсеткіш бойынша Қостанай облысы (25,9%) Шығыс Қазақстан облысынан кейін республикада екінші орында тұр (26,8%).
"Ішімдік ішкендермен аймақта 23 кісі өлтіру, 86 денсаулыққа ауыр зиян келтіру жағдайы орын алды, оның 21-і өліммен аяқталды. Сонымен қатар, 111 отбасылық-тұрмыстық қылмыс тіркелді".Қостанай облысы ПД баспасөз қызметі
Өзекті мәселені шешу жолында өңірде 2024 жылдың қыркүйек айында 2025 жылға дейін жұмыс істейтін "Мәдени қоғам" жобасы іске қосылды.
"Сонымен қатар, масаң күйде жасалатын қылмыстың алдын алудың тиімді тетіктерінің бірі-мәжбүрлеп емдеуге жолдама. 10 айдың ішінде полицейлер алкогольді асыра пайдаланған 292 адамды емдеуге жіберді",- деді ПД.
Бұған дейін Павлодар облысында қазынашылық басшысы алкоголь сатқаны үшін ұсталғаны хабарланған болатын.
Бөлісу
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript