Өскемен тұрғындары улы газға тұншығып отыр
Сурет: pixabay
ШҚО облыс орталығында мамандар хлорсутектің рұқсат етілген шекті бір реттік концентрациясының тоғыз есеге артқанын анықтады, деп хабарлайды Zakon.kz.
"Еуразия" бірінші арнасының мәліметінше, "Қазгидромет" мамандары ауадан ластаушы заттардың артық мөлшерін тапқан.
Қала тұрғындарының айтуынша, олар таза ауаға мұқтаж. Ал мамандар өнеркәсіптік кәсіпорындардан басқа ауа сапасына кері әсер ететін факторлар бар екеніне сенімді. Мәселен:
- жеке сектордағы жылыту;
- көлік;
- шағын кәсіпорындар.
Қазір мамандар ірі кәсіпорындардың қайсысы нормадан тоғыз есе асатын хлорсутектің бөлінуіне жол бергенін анықтауда.
Бұған дейін Қазақстанның қай өңірлерінде дауылды ескерту жарияланғаны хабарланған болатын.
Бөлісу
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript