Астана прокуратурасы заңсыз тұрғын үй кешендері бойынша мәлімдеме жасады

Новостройка, новостройки, постройка, застройка, стройка, строительство, строительство жилья, строительство дома, строительство домов, новостройки, новостройка, строительный объект, строительные работы, сурет - Zakon.kz жаңалық 22.11.2024 16:57 Фото: Zakon.kz/Павел Михеев
Астанада 6 мыңнан астам адам салымшы болып табылатын тұрғын үй кешендерін заңсыз салу фактілері анықталды, деп хабарлайды Zakon.kz.

22 қарашада қала прокурорының орынбасары Болат Мизанбаевтың айтуынша, бүгінде жосықсыз құрылыс салушыларға қатысты 16 қылмыстық іс тергелуде, 12 адам қамауда отыр.

"Сот прокурордың құны 7 млрд теңгеден асатын аяқталмаған құрылыс объектілерін өндіріп алу туралы сегіз талабын қанағаттандырды. Салынып жатқан тұрғын үй кешендерінде пәтерлерді заңсыз сатуды жүзеге асыратын 51 құрылыс салушы әкімшілік құқық бұзушылық туралы Кодекстің 320-бабы бойынша әкімшілік жауапкершілікке тартылды", — деді Мизанбаев.

Сонымен қатар, прокурорлар рұқсат құжаттарынсыз үлескерлердің қаражатын заңсыз тартқан Qurmangazy тұрғын үй кешенін бөлшектеуге қол жеткізді.

Бұған дейін баспана сатып аларда нені назарда ұстаған жөн екені хабарланған болатын.

Мақаламен бөлісу
Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: