Әлеуметтік желі арқылы ет сататындар көбейген
Фото: Zakon.kz
Қазір соғым маусымының ең қызып тұрған кезі. Халық етті базардан, танысынан, қолы жеткені арнайы тапсырыспен алып жатады. Алайда, соңғы жылдары соғымды әлеуметтік желі арқылы сату үрдіске айналған, деп хабарлайды Zakon.kz.
Қалай десек те, малдың еті қайдан келді, қайда сойылды, жалпы сойылды ма деп бас қатыратындар аз. Себебі онлайн саудада баға базардан төмен, деп жазады qazaqstan.tv.
Алайда, мамандар халықты сақ болуыға шақырады. Себебі еттің сапасы санитарлық талаптарға сай емес, тіпті өлген немесе ауру жұқтырған малдың еті де болуы мүмкін дейді.
"ҚР Денсаулық сақтау министрлігінің нормативті құжаттары бар. Нормативті актілер бойынша мал бекітілген орындарда сойылуы тиіс. Сол өнім сауда орындарында сатылуы керек. Ал мынау ет өнімдерін сатып жатқан адамдардың әрекеті дәлелденсе әкімшілік жазаға, ал ұрланған малдың еті сатылса қылмыстық жазаға тартылады." Абзал Бекбосынов, заңгер
Ал Ауылшаруашылығы министрлігі ет өнімдерін күнделікті бақылау тек базарлар мен дүкендерде ғана жүргізілетінін айтып отыр. Сондықтан ет аларда абай болып, ветеринарлық белгісі барына көз жеткізіп
Бөлісу
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript