Жамбыл облысында 500-ден аса петроглиф мемлекет қорғауына алынды

Археологи, археология, археологические раскопки, раскопки, археологические находки, сурет - Zakon.kz жаңалық 28.11.2024 16:30 Фото: Zakon.kz
Тарихи жәдігерлер Байзақ ауданы Ботамойнақ тауындағы Қарасай шатқалынан табылған. Археологтардың сөзінше, тастағы таңбалар 5 мың жыл бұрын салынған.

Мамандар "алғашқы адамдардың бұл туындысы аса құнды" дейді. Жартастарда аңдардың бейнесі мен адамдардың аңшылық тәсілдері бейнеленген. Оларды кез келген турист көре алады, деп жазады Аlmaty.tv.

Ол үшін ақпараттық тақталар орнатылып, қырға шығар арнайы сатылар да қойылған.

Айта кетейік, облыста таңбалы тастары бар 100-ге жуық тарихи нысан көптің назарына ұсынылған.

"Келешектегі ізденістер нәтижесінде тарихи орындардың ашылатындығына кәміл сенеміз. Қарасай петролгифтері Қола, Ерте темір дәуіріне жататын ескерткіштер. Суреттер арқылы олар өздерінің ішкі дүниесін, қоршаған ортаға деген көзқарасын, дүниетанымын жеткізуге тырысты", – деді тарих ғылымдарының докторы, профессор Досбол Байғұнақов.

Мақаламен бөлісу
Мақаламен бөлісу:
Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: