Алматыда прокурорлық қадағалау актісімен жеке сот орындаушысы мемлекеттік лицензиясынан айырылды

Налоги, пошлины, калькулятор, коммунальные услуги, квитанция, расчёт , сурет - Zakon.kz жаңалық 29.11.2024 10:46 Фото: freepik
Атқарушылық заңнаманы қадағалау шеңберінде Алматы қаласының прокуратурасы жеке сот орындаушысы тарапынан әлеуметтік маңызды санаттағы істердің өндіріп алу бағыты бойынша бірқатар бұзушылықтарды анықтады.

Атап айтқанда алимент өндіріп алумен байланысты 6 атқарушылық іс жүргізу бойынша бұзушылықтар анықталды. Сот орындаушысы іс жүргізулерді бір өңірден екінші өңірге негізсіз жолдай отырып, жасанды жолмен созбалаңдыққа салған.

Сондай-ақ тыйым салуларды заңсыз алып тастау, берешектерді өндіріп алу бойынша шараларды уақтылы қабылдамау және уәкілетті органдардың талаптарын елемеу жағдайлары анықталды.

"Алатау ауданы прокуратурасының қадағалау актісі бойынша Алматы қалалық сотының қаулысымен жеке сот орындаушысы мемлекеттік лицензиясынан айырылды." Алматы қаласының прокуратурасы

Қаулы заңды күшіне енді.

Мақаламен бөлісу
Мақаламен бөлісу:
Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: