Жаңалықтар тізбегі
0

Доллардың нығаюы: азық-түлік бағасының өсуі мүмкін бе

Продукты питания, магазин, супермаркет, пенсионный возраст, пенсионеры, пенсия, сурет - Zakon.kz жаңалық 29.11.2024 15:11 Фото: Zakon.kz
Ұлттық банк төрағасы Тимур Сүлейменов 29 қарашада өткен брифингте доллардың нығаюы аясында елімізде азық-түлік бағасының өсуі күтіле ме деген сұраққа жауап берді, деп хабарлайды Zakon.kz.

Журналистер одан доллардың күрт өсуіне байланысты азық-түліктің қымбаттауы мүмкін бе деп сұрады.

"Курсқа байланысты белгілі бір болжам, уәде беру қиын. Оны ешкім басқара алмайды. Егер долларды сатып алушылар сатушылардан көп болса, тиісінше бұл тауарлар бағасына да әсер етуі мүмкін. Сондықтан, бағам бойынша болжам жасай алмаймыз",- деді Тимур Сүлейменов.

Сонымен бірге ол доллар бағамының өзгеруі шет елдерден әкелінген тауарларға әсер етуі мүмкін екенін айтты.

"Бірақ мен азық-түлікті бұл қатарға жатқызбас едім. Себебі, ауыл шаруашылығы министрлігінің нарықпен, шаруалармен тыңғылықты жұмысының арқасында біз ішкі нарықтың көп бөлігін өзіміз қамтамасыз етіп отырмыз. Сондықтан, азық-түлік тауарларының бағасында аса бір ауытқулар күтілмейді",- деп толықтырды Ұлттық банк басшысы.

Сондай-ақ, Тимур Сүлейменов қазақстандықтарды "500" санына қадалып қалмауға шақырды.

"Мен тағы да "500" санына аздап назар аударғым келеді. Курс 498, шартты түрде, 495 көрсеткішінде шамамен үш апта тұрақтаған шығар. Ол қазір 507 деңгейінде тұр. Есептейік. 497, 498 және 507 арасында – 10 теңге айырмашылық бар, яғни ол 500 теңгеге шаққанда — 2%. Менің түсінгенім, 500 — бұл психологиялық көрсеткіш, бірақ егер сіз математик, экономист, тіпті кәсіпкер тұрғысынан қарасаңыз, айырмашылық — 2%-ға тең. Бұл көрсеткіш әрине әсер етеді, дегенмен анау айтарлық дүрбелеңдік жағдай туғызбайды. Сондықтан мен бағаның лезде өзгеруі туралы, әсіресе азық-түлік туралы көп уайымдамас едім. Олар бойынша біз өзімізді-өзіміз көп жағдайда қамтамасыз етеміз", — деп сендірді Тимур Сүлейменов.

Бұған дейін 28 қарашадағы саудада доллар бағамының рекордтық секірісі орын алғаны хабарланған болатын.

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Бөлісу
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Жаңалықтар трендінде болыңыз!
Хабарландыруларды қосыңыз және алдымен расталған жаңалықтарды алыңыз.

Браузерде хабарландыруларды кез келген уақытта өшіруге болады

Біздің хабарландыруға жазылыңыз!
Хабарландыру қосу үшін қоңырау белгісін басыңыз
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: