28 қарашадағы саудада доллар бағамының рекордтық секірісі орын алды

Қазақстан қор биржасында (KASE) 2024 жылғы 28 қарашада сағат 15:30-да шетел валюталары бойынша күнделікті сауда-саттық жабылды, деп хабарлайды Zakon.kz.
Сауда-саттықтың қорытындысы бойынша доллардың орташа сараланған бағамы бірден 12,58 теңгеге көтеріліп, 513 теңге болды.
Юаньнің орташа сараланған бағамы 70,38 теңгеге (+1,63) дейін өсті.
Ақша айырбастау орындарында доллар 518,1-523,1 теңгеге, еуро 540-546 теңгеге, рубль 4,75-4,91 теңгеге сатылуда.
Сонымен қатар, 28 қарашадағы аукционда әлемдік мұнай бағасы төмендеп жатыр.
Осылайша, ICE Futures электрондық саудасында ақпан айындағы Brent фьючерстерінің құны 0,30%-ға арзандап, барреліне 72,08 долларды құрады.
NYMEX электрондық саудасында WTI мұнайының қаңтардағы фьючерстері 0,36%-ға арзандап, барреліне 68,47 долларды құрады.
Ұлттық банк таңертең доллар бағамын 499,51 теңге, еуроны 525,83 теңге, рубльді 4,62 теңге деп белгіледі.
Мақаламен бөлісу
Оқи отырыңыз
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript