Астанадағы жатақханада шыққан өрттен ғимараттың төбесі құлады

Астанадағы жатақханада өрт: ғимараттың төбесі құлады, сурет - Zakon.kz жаңалық 01.12.2024 09:19 Сурет: Төтенше жағдайлар министрлігінің баспасөз қызметі
Астананың Алматы ауданы Бұқтырма көшесіндегі үш қабатты көпфункционалды ғимараттың төбесі, шатыры және үшінші қабатындағы бөлмелер өртенді, деп хабарлайды Zakon.kz.

Өрт сөндіру бөлімшелері келгенге дейін үшінші қабатта төбе құлап, 40 адам өз бетінше далаға шықты.

Өрт орнында жедел өрт сөндіру штабы құрылды. Өртті сөндіруге 7 су оқпаны берілді. Сондай-ақ, өрт болған жерде жылыту пункті ұйымдастырылды.

Сурет: Төтенше жағдайлар министрлігінің баспасөз қызметі

ТЖМ медицина және апаттар орталығының қызметкерлері тұрғындарға психологиялық және медициналық көмек көрсетті.

250 шаршы метр аумақты шарпыған өрт сөндірілді.

Мақаламен бөлісу
Мақаламен бөлісу:
Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: