Астанада жаңадан салынып жатқан төрт қабатты ғимараттың шатыры өртенді

Өрт, Астана, төрт қабатты ғимарат, шатыр, сурет - Zakon.kz жаңалық 14.07.2026 18:53 Сурет: ҚР ТЖМ баспасөз қызметі
Есіл ауданындағы Е-871 көшесінде салынып жатқан төрт қабатты ғимараттың шатыры өртенді. Алғашқы өрт сөндіру бөлімшелері оқиға орнына келген кезде ғимараттың шатыры ашық жалынмен жанып, қою қара түтін шыққаны байқалды, деп хабарлайды Zakon.kz.

Өрт сөндіру оқпандары дереу іске қосылып, өртті толық сөндіру үшін барлық қажетті шаралар қабылданды. Ашық от тоқтатылды, жасырын жану ошақтарын болдырмау мақсатында су құю және құрылымдарды бөлшектеу жұмыстары жүргізілуде, деп хабарлайды ҚР ТЖМ баспасөз қызметі.


"ТЖМ күштерімен өрт 150 шаршы метр аумақта толық сөндірілді", делінген төтеншеліктер хабарламасында.

Алдын ала мәліметтер бойынша, зардап шеккендер жоқ. Өрттің шығу себебі анықталуда.


Мақаламен бөлісу
Мақаламен бөлісу:
Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: