Алматы облысында жол апатынан бір адам қаза тауып, екеуі жарақат алды
Сурет: Zakon.kz
30 Қарашада Mercedes Benz 280 жүргізушісі Алматы – Бесмойнақ автожолының 77-шақырымында келе жатып, қарсы қозғалыс жолағына шығып, Ford Focus автокөлігімен, содан кейін инерция бойынша ВАЗ-2114 көлігімен соқтығысты, деп хабарлайды Zakon.kz.
Жол апатының салдарынан Ford Focus жүргізушісі сол жерде көз жұмды.
"Түрлі жарақаттарымен екі жолаушы аудандық ауруханаға жатқызылды. ЖКО фактісі бойынша сотқа дейінгі тергеу жүргізіліп жатыр", - деп хабарлады Жамбыл облысы полиция департаменті.
Өңір полициясы барлық жүргізушілерді рұқсат етілген жылдамдық режимін қатаң сақтауды және жол ережелерін бұзбауды ескертті.
Бөлісу
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript