Қызылорда облысы тұрғындарынан 2 мыңнан астам киік мүйізі тәркіленді

Сайгак, сайгаки, сайга, сурет - Zakon.kz жаңалық 02.12.2024 15:52 Фото: wikimedia/Yakov Fedorov
Арал ауданына қарасты Сексеуіл ауылында полиция қызметкерлері жойылып кету қаупі бар жануарлардың дериваттарын сатумен айналысқан азаматтарды ұстады.

Бұл туралы 2024 жылғы 2 желтоқсанда Ішкі істер министрлігі мәлімдеді.

"Олардан жалпы салмағы 400 келі болатын 2038 киік мүйізі, электронды таразылар және екі автокөлік тәркіленді",- делінген ақпаратта.

Сурет: polisia.kz

Күдіктілер уақытша ұстау изоляторына қамалды. Қазіргі уақытта сотқа дейінгі тергеу жүргізіліп жатыр.

Сурет: polisia.kz

Бұған дейін Алматыда ерлі-зайыптылардың қатыгездікпен өлтірілгендері хабарланған болатын.

Мақаламен бөлісу
Мақаламен бөлісу:
Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: