2 желтоқсандағы саудада теңгенің долларға шаққандағы бағамы төмендеді

Доллары, деньги, обмен валют, обменник , сурет - Zakon.kz жаңалық 02.12.2024 16:03 Фото: pexels
Қазақстан қор биржасында (KASE) 2024 жылғы 2 желтоқсанда сағат 15:30-да шетел валюталары бойынша күнделікті сауда-саттық жабылды, деп хабарлайды Zakon.kz.

Сауда-саттықтың қорытындысы бойынша доллардың орташа сараланған бағамы бірден 12,06 теңгеге көтеріліп, 524,28 теңге болды.

Юаньнің орташа сараланған бағамы 71,04 теңгеге (+0,84) дейін көтерілді.

Ақша айырбастау орындарында доллар 519,1-526,1 теңгеге, еуро 546,5-554,5 теңгеге, рубль 4,95-5,07 теңгеге сатылуда.

Бұл ретте 2 желтоқсандағы аукционда әлемдік мұнай бағасы көтеріліп жатыр.

Осылайша, ICE Futures электрондық саудасында ақпан айындағы Brent фьючерстерінің құны 0,92%-ға өсіп, барреліне $72,50 дейін көтерілді.

NYMEX электрондық саудасында WTI мұнайының қаңтардағы фьючерстері барреліне 1 долларға өсіп, 68,68 долларды құрады.

Ұлттық банк таңертең доллар бағамын 511,22 теңге, еуроны 540,05 теңге, рубльді 4,73 теңге деп белгіледі.

Мақаламен бөлісу
Мақаламен бөлісу:
Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: