Жаңалықтар тізбегі
0

Алматы әкімдігінің қызметкерлері сыйақы ала ма

Тенге, деньги, Казахстан, национальная валюта, сурет - Zakon.kz жаңалық 02.12.2024 16:35 Фото: Zakon.kz
Алматы мәдениет басқармасы бүгін, 2024 жылғы 2 желтоқсанда әкімдік қызметкерлеріне сыйақы беру туралы ақпаратты мәлімдеді, деп хабарлайды Zakon.kz.

Ведомство мәліметінше, қызметкерлерге сыйақы беру дербес құрылымдық бөлімшелер басшыларының жазбаша ұсынысы негізінде мемлекеттік орган басшысының бұйрығымен жүргізіледі.


"Бұл ретте сыйлықақыларды төлеуге бюджеттен қаражат бөлінбейді, төлемдер мемлекеттік органдарды ұстауға көзделген бюджет қаражаты үнемделген жағдайда ғана жүзеге асырылады. Қызметкерлерге берілетін сыйлықақылардың мөлшері Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2001 жылғы 29 тамыздағы №1127 қаулысымен көрсетілген шығыстардың баптары бойынша қатаң тәртіппен тиісті мемлекеттік органды ұстауға көзделген қаражаттың қалыптасқан үнемделуінің жиынтық сомасы бойынша айқындалады", – деп түсіндірді Алматы қаласының мәдениет басқармасы.

Өтінішті қарайтын органның шешімімен келіспеген жағдайда, ҚР Әкімшілік рәсімдік-процестік кодексінің 91-бабына сәйкес қызметкер "белгіленген тәртіппен оған шағымдануға" құқылы.

Бұған дейін Қаржы министрлігі мемлекеттік қызметшілерге сыйақы төлеу туралы түсіндірген болатын.

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Бөлісу
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Жаңалықтар трендінде болыңыз!
Хабарландыруларды қосыңыз және алдымен расталған жаңалықтарды алыңыз.

Браузерде хабарландыруларды кез келген уақытта өшіруге болады

Біздің хабарландыруға жазылыңыз!
Хабарландыру қосу үшін қоңырау белгісін басыңыз
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: